Біз Сізді сайтымызда көргенімізге қуаныштымыз, қош
келдіңіз! Бұл жерде Сіз барлық қажетті ақпаратты таба
аласыз деген
үміттеміз!
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбiр азаматтың денсаулық сақтау
және емдеу мекемелерiнде медициналық көмек көрсету құқығына кепiлдiк бередi.
Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаты - халыққа уақтылы, тиімді және
қолжетімді медициналық көмек көрсету болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша алғашқы
медициналық-санитарлық көмек әрбір азамат үшін құны бойынша қолжетімді,
ғылыми бағытқа негізделген және әлеуметтік қолайлы әдістермен көрсетілетін
медициналық көмектің негізгі түрі болып табылады. ДДҰ МСАК-ты халықтың
денсаулығын қамтамасыз етудегі маңызды компонент ретінде қарастырады.
«Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ШЖҚ-дағы «№ 7 Қалалық
емханасы» МКК Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 50 мекенжайы бойынша
орналасқан, жеке тұрған типтік 3 қабатты ғимаратта, бұрын «АОКДЦ» МКК деп
аталған 2009 жылғы 10 желтоқсанда «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде ашылды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен, 2017
жылғы мамырдан бастап «Ақтөбе облыстық консультациялық-диагностикалық
орталығы» МКК ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы (AktobeMedicalCenter)» МКК
құрамында жұмыс істеді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 511 «Қайта
ұйымдастыру туралы» қаулысының негізінде 2021 жылғы 1 маусымнан бастап
«Ақтөбе медициналық орталығы (Aktobe Medical Center)» МКК құрамынан
шығарылды және ШЖҚ «№ 7 Қалалық емханасы» МКК ұйымдастырылды.
Бекітілген халықтың жалпы саны 38 мыңнан астам адам.
Оның құрамында:
• Ақтөбе қаласы, Гастелло көшесі, 18А мекен-жайы бойынша бейімделген
ғимараттағы филиал;
• Жылжымалы медициналық кешені базасында КАМАЗ және автобустар – 6
көлік;
• Кешен базасында жылжымалы КАМАЗ маммографы-1;
Емхана 5 күндік жұмыс аптасы бойынша сағат 8: 00-ден 20: 00-ге дейін, сенбі
күндері кезекшілік қызметте (аймақтық дәрігерлер, кеңес-беру диагностикалық
және зертханалық бөлімшелері) жұмыс істейді;
• ауысымда 500 келушіні құрайды;
• «Отбасылық денсаулық орталығы» филиалының қуаттылығы - бір ауысымда 80
келуші.
• ЖМК қуаты 1 бірлік - күніне 60 пациент;
• Маммографтың қуаты күніне 35 әйелді құрайды.
Емхана құрылымында:
• Педиатриялық аймақтар - 10 бірлік, бір дәрігерге 500 баланың
жүктемесі;
• Жалпы тәжірибедегі аймақтар - 20 бірлік, жүктемесі бір дәрігерге 1700
адам.
• Акушерлік-гинекологиялық аймақ - 4 бірлік, жүктемесі 100 жүкті
әйелден;
• Профилактика және психоәлеуметтік көмек бөлімшесі:
• Мектеп медицинасы бөлімі.
• Ересектерге арналған кеңес-беру -диагностикалық бөлімше;
• Кеңес-беру диагностикалық балалар бөлімшесі;
• «ЮВЕНТУС» жастар денсаулық орталығы;
• Гепатология орталық;
• Сурдология орталық;
• Жылжымалы медициналық кешен;
• Күндізгі стационар;
• Ерте араласу және даму орталығы;
• Функционалды диагностика, физиотерапия және оңалту бөлімшесі;
• Сәулелік диагностика және эндоскопия бөлімшелер;
• Клиникалық-диагностикалық зертхана.
Емхананың медициналық техникамен және жабдықтармен жарақтандырылуы 95,5% -ды
құрайды.
Орталықтың қызмет көрсету аумағында:
• 6 мектеп – 7004 оқушы;
• 4 балабақша – 934 бала;
• 1 «АЙС-Ақтөбе» ЖШС зауыты, қызметкерлер саны - 245;
• Авиажөндеу зауыты, қызметкерлерінің саны - 120;
• 1 «Соқырлар қоғамы» қызметкерлер саны - 45 адам;
• 1 қарттар үйі,189 қамқорлықтағы адам;
• 1 балаларға арналған «Аяла» бейімдеу орталығы - 36 бала.
Алдыңғы қатарлы жоғары потенциалды диагностикалық баз және , қызметкерлердің
бірегей тәжірибесі мен білімінің үйлесімі біздің ең талапшыл
пациенттеріміздің үмітін қанағаттандырады.
МИССИЯ: Медицина қызметкерлерінің пациенттің сеніміне қол жеткізу арқылы
сапалы медициналық көмек көрсету!
ПАЙЫМДАУЫ:
«№ 7 Қалалық емхана» МКК жаңа медициналық және басқару технологияларын
әзірлеуде және енгізуде саланың көшбасшысы болуға ұмтылатын, пациенттер мен
қызметкерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті айқын сезінетін серпінді
дамып келе жатқан кәсіпорын.
Біздің қызметіміз әлемдік медицина ғылымы мен практикасының озық
жетістіктерімен, корпоративтік мәдениет пен этикамен үйлескен қазақстандық
денсаулық сақтаудың үздік дәстүрлерін сақтауға негізделген
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
• Мейірімділік және адамгершілік
• Сапа және қауіпсіздік
• Кәсібилік
• Жоғары қол жетімділік
Біздің ҰРАН - дәлелдемелерге негізделген, пациентке бағдарланған, мінсіз
сапа мен қауіпсіздікке кепілдік беретін медицина!
Сапа саласындағы саясат «"№ 7 Қалалық
емхана" » МКК
Миссиясы:
Сапалы медициналық көмек көрсету арқылы, медицина қызметкерлерінің
пациенттің сеніміне қол жеткізу
!
Пайымдауы: "№ 7 Қалалық
емхана" МКК - емделушілер мен қызметкерлер алдында
әлеуметтік жауапкершілікті айкын түсінетін, жаңа медициналық, басқару
технологияларды енгізу мен құрастыру саласында алдынғы қатарда болатын
серпінді дамып келе жаткан мекеме.
Біздің қызмет дүниежүзілік
медициналық ғылым мен тәжірибенің озық жетістіктерімен, корпоративтик
мәдениет пен этикасымен байланыстырып, қазакстандық денсаулық сақтаудағы
үздік дәстүрлерді сақтауға негізделген.
Біздің
құндылықтар:
- Қайырымдылъқ пен адамгершілік;
- Сапалылық пен қауіпсіздік;
- Кәсіптік;
- Жоғары жол жетімділік.
Емхананың басшылығы сапа саласындағы осы
саясат шеңберінде мына максаттарды алға кояды:
- Халыкаралық стандарттың негізінде мемлекеттің, қоғамның мүдделері мен сүрау салуларына сай келетін көрсетіп отырған медициналык көмекті үздіксіз жетілдіру.
- Медициналық қызметкерлердің мамандығының жоғары қағидаларын, емделушінің мүддесін, этикалық нормалар мен құндылыктарды сақтау.
- Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, әр жұмыскердің қабілетін мүмкіндігінше жүзеге асыруға жайлы жағдай жасау, инновацияларды колдау және оларға ынталандыру .
- «Бір командада жұмыс істеу» қағидасы бойынша эр қызметкердің белсенді қатысуымен барлык деңгейде жоспарлаған жұмысты мол жауапкершілікпен сапалы түрде орындаумен емхана жұмысының жоғары нәтижелілігіне жету.
- Қоғаммен, қамтамасыз етушілермен, барлық мүдделі тарап-серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты үйымдастыру.
Емхана басшылығы кәсіптік пен сенімділік
негізінде сапа саласындағы мақсаттарды толық және уақытылы қамтамасыз ету
үшін емделушілердің мүдделеріне және үміттеріне, заңнамалық және нормативтік
талаптарға сай болуға өзіне
міндеттемеалады.
Біздің ұранымыз: Мінсіз
сапалылыққа және қауіпсіздікке кепіл бола алатын, емделушіге бағытталған,
дәлелге негізделген медицина!