2022 жылдың 09 тамыз күні "Күншуақ" балабақшасында емхана психологтары мектепалды даярлық тобымен "Жол жүру ережелерін ұмытпа және есіңде сақтап жүр" тақырыбында психологиялық тренинг сабақ жүргізді.
? Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
? Дамытушылық:
1. Зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
2. Көру арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.
?Тренинг сабақ басында балалармен психологиялық сергіту сәті ұйымдастырылды. Балалар тренинг сабаққа белсене араласып, қызығушылық танытып тапсырмаларға жауапкершілікпен қатысты.