Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасымен жылда осы мезгілде медицина қызметкерлер күніне орайластырған медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы өткізіледі.
Міне биылда осы традицияға сәйкес «SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»ның қолдауымен маусымның 5-нен бастап, медицина қызметкерлерінің арасында спартакиада өткізіледі.
Дене шынықтыру, қозғалыс – денсаулық кепілі. Денсаулық сақтау саласының негізгі миссиясы – емдеу, аурулардың алдын алу. Аурулардың алдын алудың негізгі жолы – салауатты өмір салтын ұстану, иммундау.
Спартакиаданың негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, ұстану және ұстануға тарту, аурулардың сонымен қатар зиян мінез-құлықтардың (нашақорлық, темекі мен алкоголизм, суицидтің) алдын алу.
Осы миссияны өзімізден бастап, «Медицина қызметкерлері – салауатты өмір салтын таңдайды» атты ұранымен бүгін «Денсаулық саябағы»нда спартакиаданың салтанатты түрде ашылу өткізілді.
Жарыста 21 емдеу – профилатикалық мекемелері қызметкерлерінен құралған командалар қатысуда 6 ойын бойынша: жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, шахматы, шашки, үстел теннис, арқан тартыс жарысы.
Ең позитивті және әдемі команда әрине команда @poliklinika7.aktobe ❤️