Әділет министрлігінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 269 бұйрығын орындау мақсатында 2023 жылғы 21 маусымда халықтың құқықтық мәдениеті жобасын іске асыру бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шараға медициналық ұйымның заңгері, кадр қызметінің қызметкері және еңбек ұжымы қатысты. Консультативтік іс-шара «Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы» тақырыбы бойынша өткізілді, қатысушыларға заңнамадағы өзгерістер, еңбек үшін сыйақыны есептеу тәртібі, демалыс түрлері және т.б. сәттер түсіндірілді. Сондай-ақ, еңбек ұжымнан, науқастардан жеке сипаттағы сұрақтар қойылды, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық жауаптар берілді.
Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін өткізілетін болады.