Ауыл тұрғындарына мамандандырылған және білікті медициналық көмек көрсету шеңберінде "№7 қалалық емхананың" жылжымалы медициналық кешені өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта облыс орталығының мамандары Ойыл ауданының тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде. Бұл іс-шара ересек және балалар кардиолог, невролог, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, травматолог және т.б мамандардың медициналық қызметтерін облыс орталығына бармай-ақ алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің облыстың ауыл тұрғындары іш қуысы органдарының, сүт және қалқанша безі, бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінен, ЭКГ, тредмил-тест, рентгенография, флюорография және т.б. зерттеулерден өтуге мүмкіндік алады.2023 жыл басынан бері 33 елді мекенге 50-ге жуық іс-сапар жүргізілді, 12000-нан астам пациентке 40000-ға жуық медициналық қызмет көрсетілді.